Нұрсұлтан Назарбаев Нино Бурджанадземен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Біртұтас Грузия – демократиялық қозғалыс» партиясының төрағасы Нино Бурджанадземен кездесті. ҚазАқпарат бұл туралы Елбасы сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесуде тараптар «Астана клубының» бүгінгі отырысында айтылған идеялар мен ұсыныстарға қатысты өзара пікір алысты.

Сондай-ақ Елбасы мен Н.Бурджанадзе өңірлік күн тәртібін және халықаралық қауіпсіздікті нығайтудың алдағы перспективаларын жан-жақты талқылады.


Соңғы жаңалықтар