+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Нұрсұлтан Назарбаев металлургтерді кәсіби мерекесімен құттықтады

2021 жылғы 17 шілде 09:18
Бөлісіңіз:
Нұрсұлтан Назарбаев металлургтерді кәсіби мерекесімен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды металлург күнімен құттықтады, деп хабарлайды Elbasy.kz.

Құрметті металлургия саласының еңбеккерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлург күнімен құттықтаймын!

Металлургия – ұлттық экономиканың басты саласының бірі, мұнда өз ісіне шын берілген, қажыр-қайраты мол, жауапкершілігі жоғары жандар еңбек етеді.

Бұл – адамның мінезі мен ерік-жігері шыңдалатын, мақсатқа жету жолындағы табандылығы мен қайсарлығы қалыптасатын жер.

Кезінде өзім де осы өмір мектебінен өтіп, бай тәжірибе жинағанымды мақтан тұтамын. Менің кейінгі қызмет жолымда оның пайдасы тиді.

Металлургия саласындағы мамандардың еңбексүйгіштігі, қайсарлығы және табандылығы зор құрмет пен шынайы алғысқа лайық.

Сіздер өз жұмыстарыңыз арқылы Қазақстанның экономикалық әл-ауқатының артуына сүбелі үлес қосып келесіздер.

Қажырлы еңбектеріңіз бен асқан шеберліктеріңіз алдағы уақытта да еліміздің өркендеуіне септігін тигізе беретініне сенімім зор.

Сіздерге мол табыс, дендеріңізге саулық және бақ-береке тілеймін!


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT