Нұрсұлтан Назарбаев махаббат туралы өсиет әңгіме айтып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев шығысқазақстандықтармен кездесу барысында өзі жақсы көретін өңірге жиі келетінін атап өтіп, махаббат туралы ежелгі үнді аңызын айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Айта кеткен жөн, тұрғындармен кездесу кезінде махаббат тақырыбы күтпеген жерден қозғалды. Президенттің: «Қалдарыңыз қалай?» деген сұрағына Қазақстан-Америка еркін университетінің проректоры Марина Кикина: «Сізді асыға күттік, қобалжып тұрғанымызды жасырмаймын, Сізбен кездескенімізге өте қуаныштымыз», - деп ағынан жарылды.

«Сирек жолыққан сайын, махаббатымыз сақтала түседі», - деп күлді Президент, еліміздің шығысына жиі сапарлайтынын атап өтіп, өсиет әңгіме айтып берді.

«Жас жұбайлар үйленген тойынан кейін көлдің жағасында тұруға келеді және қарама-қарсы жағалауда қоныстануды жөн көреді. Жас келіншек: «Елестетіп көрші, саябақта серуендеп жүріп, кездесіп қаламыз және сені бір шынаяқ шәй ішуге шақыра аламын. Егер сен оны қаламасаң - өз еркің. Қайықта жүзіп келе жатып, қайығымыз түйісіп қалады және қонаққа бару үшін жағалаулардың біріне аялдаймыз. Осылайша, біз бір-бірімізге деген ынтызарлықты сақтай аламыз». Ері ойлана келе, бұл ұсынысқа келісім бермейді. Жылдар өтіп, махаббаттың ынтызарлығы бәсеңдеді. Өйткені ол таңдау жасағанда қателесті», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Соңғы жаңалықтар