Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына жаңа код тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына жаңа үш әріпті код берілді, деп хабарлайды ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Ведомство таратқан мәліметке сай, 2014 жылдан бастап Қазақстан Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) тағайындаған Нұр-Сұлтан әуежайының үш әріптік кодын өзгерту бойынша жұмыс жүргізілген.

Бүкіл әлем бойынша әуежайларға бір рет және тұрақты негізде код беру жөніндегі IATA қағидаларына қарамастан, қазақстандық тарап өз мақсатына қол жеткізді.

«IATA өкілдерімен бірлесіп әуежайлардың кодтарын тағайындау және өзгерту бойынша IATA тәсілдеріне өзгеріс енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл өзгерістер 2019 жылдың 14 қазанында Варшава қаласында (Польша) IATA-ның барлық мүшелерінің қатысуымен Жолаушылар тасымалы стандарттары (Passenger Standards Meeting) кездесуінде қолдау тапты» деп хабарлады ведомство.

Осы келісімге сай, 2020 жылдың 8 маусымынан бастап Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайына NQZ жаңа коды берілді, ол барлық брондау жүйелерінде, отырғызу талондарында, багаж биркаларында және ақпараттық таблода көрсетілетін болады.


Соңғы жаңалықтар