Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммитіне қатысушыларға еуразиялық кеңістіктегі ықпалдастық үдерістерді жақсырақ түсінуге көмектесті - РФ СІМ басшысы

None
None
АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «үлкен жиырмалық» саммитіне қатысуы оның қатысушыларына еуразиялық кеңістіктегі ықпалдастық үдерістерін жақсырақ түсінуге көмектесті, деп санайды Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Министр бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі дәрісі кезінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Санкт-Петербордағы саммитке посткеңестік кеңістіктегі ықпалдастық үдерістерде көшбасшы болып келе жатқан елдің өкілі ретінде қатысқанын» еске салды.

Оның қатысуы өте пайдалы болды, біздің бәріміз үшін өте маңызды әлемдік экономиканың проблемаларын әлемдік қоғамдастықтың қалған мүшелеріне нұқсан келтіре отырып, жабық блоктарда ілгері жылжу жөнінде алдын ала өзара келісу жолымен емес, ықпалдастық үдерістерді барынша тиімді ілгері жылжыту үшін ашық түрде, бір-бірімен ұштастыра жүргізу арқылы шешу қажеттігі тұрғысында баса айтты, деп атап өтті министр.

Қазақстан Президентінің қатысуы еуразиялық кеңістіктегі ықпалдастық үдерістерді түсінуге және Азия-Тынық мұхиты аймағы мен Еуро-Атлантикалық аймақ арасындағы табиғи байланысты қамтамасыз ете отырып, біздің ықпалдастықтың жалпы алғанда бүкіл әлем экономикасын сауықтырудағы маңызын түсінуге көмектесті», деп түйіндеді Сергей Лавров.

Соңғы жаңалықтар