Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы атлетика алаңын аралап көрді

None
None
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті жаңа Жеңіл атлетика спорт кешеніне барды. Бұл туралы ҚазАқпарат elbasy.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шара барысында Нұрсұлтан Назарбаев атлетика алаңы мен жаттығу орталығын аралап, спорт кешенінің бейне таныстырылымын көрді.

Жаңа спорт нысаны биыл қараша айында іске қосылып, Олимпиадалық даярлау орталығына пайдалануға берілді. Спорт кешені Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының (IAAF) сертификатына ие болды. Бұл сертификат ең жоғары деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді.

Кешенде жүгіру жолдары бар атлетикалық алаң, екі бассейн, қонақ үй, балалар алаңы, фуд-корт, тренажер залы, ядро лақтыру, биіктікке және ұзындыққа секіруге арналған жаттығу алаңдары орналасқан.


Нысан құрылысы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қаражатына салынды.


Соңғы жаңалықтар