Нұрсұлтан Назарбаев: ЕАЭО әлемдік сауданың тартылыс нүктесіне айналуы керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуразиялық экономикалық одақ әлемдік өндірістік сауда ағымының тартылыс нүктесіне айналуы керек. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Елбасы, ЖЕЭК Құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің жұмысты келесі бағытта жалғастыру керек деп есептеймін: біріншіден, біз біздің мемлекеттердің өнеркәсіптік әлеуетінің интеграциялық қарқынын үдету керек. Бүгінгі таңда шикізатқа жатпайтын тауарлардың көлемі өзара тауар айналымында бар-жоғы 16 пайызды құрайды. Бұл өте аз. Бұл бағыттағы қадам бәсекеге қабілетті басымдықтардың спектрін қамтамасыз етеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев отырыста.

Елбасы екіншіден экономикалық одаққа мүше мемлекеттер сауда ағымының бекемдігін қамтамасыз етуі керектігін айтты.

«Өзара сауданың әлеуеті өкінішке қарай әлі өзін көрсете алған жоқ. Бұл біздің басты міндетіміз болуы керек. Негізінде біз басқа мемлекеттерден келген импорттық тауарларды өз тауарларымызбен ауыстыруымыз керек. Салыстырып айтсам, Еуропа одағы, ОШАЕС секілді басқа одақтарда бұл көрсеткіш 63 пайызды, 45 пайызды құрайды. Ал бізде бұл көрсеткіштің көлемі бар-жоғы 9 пайыз ғана. Үшіншіден, әлемдік цифрлық нарықтағы теңдессіз өзгерістердің куәсі болып отырмыз. ІТ-индустрия – осы жылдың басты бенефециары болды. Пандемия цифрлық трансформацияны жеделдетіп жіберді. Бизнес жүргізудің дәстүрлі амалдарын өзгертті, әлеуметтік саланы, экономиканы радикалды тұрғыда өзгертті. ЕАЭО – диджитилизациясы белсенді бірлестікке айналуы тиіс», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар