+7 (701) 759 90 19
USD 429.75 EUR 507.45
RUB 5.61 CNY 63.93
Jańalyqtar

Нұрсұлтан Назарбаев Ақтауда халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты

2020 жылғы 18 қыркүйек 22:28
Бөлісіңіз:
Нұрсұлтан Назарбаев Ақтауда халықаралық туристік хабтың таныстырылымына қатысты

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Каспий теңізінің жағалауындағы туристік хабты дамыту жобасы таныстырылды, деп жазады Elbasy.kz.

Ұқсас жаңалықтар

Кездесуде Елбасы отандық туризм индустриясын дамытудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ Қазақстанның бірегей табиғатымен қатар қасиетті жерлері, мәдени және тарихи орындары, Ұлы Жібек жолының бойындағы нысандары, археологиялық ескерткіштері бар екенін айта келе, елімізде демалыстың кез келген түрін дамытуға мүмкіндік бар екенін атап өтті.


– Туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында туристік әлеуетке талдау жасалып, маңызды нысандар мен өңірлер анықталды. Іріктеу кезінде олардың туристік тартымдылығына басымдық берілді. Үздік өңірлер қатарына Алакөл, Балқаш көлдері, Щучинск-Бурабай курорттық аймағы, Түркістанмен бірге Маңғыстау да енді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Каспий теңізінің жағасында алғаш рет барлық қызмет түрі қамтылған отбасылық демалыс кешенінің құрылысына шетелдік инвестор тарту аймақ үшін маңызды оқиғаға айналды.

Жиында «Rixos» қонақ үй желісінің басқарма төрағасы Ф.Таминдже бес жұлдызды люкс класындағы «Rixos Water World Aktau» қонақ үйін дамыту жобасын таныстырды. Сондай-ақ қазақстандық және шетелдік инвесторларды тарту арқылы туристік кластерді кеңейту жоспарларымен бөлісті.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл Каспийде ауқымды халықаралық туристік хаб құру жолындағы алғашқы қадам екенін, алдағы уақытта осында қазақстандықтармен бірге шетелдік қонақтар да өте қолайлы уақыт өткізе алатынын атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстанның Тұңғыш Президенті Каспий жағалауындағы курорттық аймақта жаңа жұмыс орындарының құрылуы ерекше маңызға ие екенін айтты. Шара барысында өңірдің туризм саласын дамыту 50 мыңға жуық жұмыс орнымен қамтуға мүмкіндік беретіні, сондай-ақ жобаны іске асыру үшін шамамен 2 миллиард доллар инвестиция тартылатындығы атап өтілді.

– Тәуелсіздік жылдары біз біраз шаруа атқардық. Бұрын ешкім танымаған Қазақстан қазір әлем картасында лайықты орын алып отыр. Біз жаңа елорда салдық. Бүгінде ол басқа облыс орталықтары мен өңірлерді дамытудың үлгісіне айналды. Мен барлық мұсылмандардың қасиетті мекені – Түркістан қаласына баруды жоспарлап отырмын. Қазақ хандығының ежелгі астанасы болған шаһар қазіргі уақытта түрленіп, туристік әлеуеті артып келеді, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев туризмді мақсатты түрде дамытуға бағытталған қадамдар тек жекелеген аймақтардың ғана емес, бүкіл республиканың экономикасына оң серпін беретінін атап өтті.

Жиын соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Rixos Water World Aktau» қонақ үйі кешенін аралады.

Сондай-ақ іс-шараға онлайн-конференция форматында отандық және шетелдік инвесторлар қатысты. Олардың қатарында – ACCOR компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка аймағындағы люкс класындағы қонақ үйлерді дамыту жөніндегі бірінші вице-президент Ф.Боден, ÖG Holding басқарма төрағасы О.Гюр, «BI Group» құрылыс холдингі директорлар кеңесінің төрағасы А.Рахымбаев, «Базис-А» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы А.Белович бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT