Нұрлы жол: Жолдарды жөндеуге 3,5 трлн теңге бөлінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов республикалық жолдардың құрылысына қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2020-2025 жылдарға «Нұрлы жол» бағдарламасының жалпы бюджеті 5,5 трлн теңгені құрап отыр. Оның ішінде автожол саласының бюджеті 3,5 трлн теңге шамасында.

«Автожол саласының бюджетінен республикалық жолдарды қайта салу мен құрылысқа 2,1 трлн теңге бөлінді. 2020 жылға дейін 13 мың шақырымда қайта салу жұмыстары жүргізілді. 2025 жылға дейін қосымша 11 мың шақырым жаспарланған, яғни жалпы 24 мың шақырым қамтылған. Биыл 4 мың шақырым жолда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр», - деді министр Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жол бойындағы сервис нысандарына республикалық бюджеттен қаржы бөлу қарастырылмаған.

«Жол бойындағы сервис нысандары инфрақұрылымын құру үшін 651 алаң бөлінді. Бұл бағытта бизнеспен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жұмыс істеудеміз. 2025 жылға дейін тиісті нысандар салынады деп жоспарлап отырмыз», - деді Б. Атамқұлов.

Айта кетейік, бүгінгі баспасөз мәслихатында Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр алдағы 5 жылда республикалық жолдардың 100 пайызы қалпына келтіріліп, жаңартылатынын мәлім етті. Сондай-ақ жол бойында сервистік инфрақұрылымды құру жұмыстары аяқталады.



Соңғы жаңалықтар