«Нұрлы жол» бағдарламасының биылғы қорытындысы қандай болмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың қорытындысында әуе көлігімен жолаушылар тасымалы 9 миллион 100 мың адамға арттырылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың қорытындысында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында республикалық маңызы бар автожолдардың 89 пайызы, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 71 пайызы жақсы және қанағаттандырарлық жағдайға жеткізілетін болады. Өзін-өзі өтейтін ақылы автожолдар 682 шақырымнан 6 465 шақырымға арттырылады«, - деді комитет төрағасы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар оның айтуынша, автожолдарды ұлттық стандартқа сәйкес келетін жол сервисі нысандарымен қамтамасыз ету 52 пайыздан 58 пайызға жеткізіледі. Теміржол көлігімен транзиттік тасымалдар көлемі 19 пайызға немесе 20,9 миллион тоннаға дейін арттырылады.

»Контейнерлік темір жол транзитін 842 мың жиырма футтық контейнерге ұлғайту көзделеді. Әуе көлігімен жалпы жолаушылар тасымалын 9 миллион 100 мың адамға арттыру жоспарланған«, - деді Сайранбек Бармақов.


Соңғы жаңалықтар