«Нұрлы жер»: Қостанай облысында 3600 пәтер пайдалануға берілді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында несиелік үйлер көптеп салынбақ. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімдігінде өткен аппарат жиынында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының нәтижелері талқыланды. 2020 жылы «Нұрлы жер» бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді. Облыста 379,4 мың шаршы метр тұрғын үй (3600 пәтер) пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың деңгейінен 13,1%-ға жоғары.

«2021 жылы облыс тұрғын үйді іске қосу көрсеткішін 10%-ға арттырады. Бұл 417,2 мың шаршы метрді құрайды, оның ішінде пайдалануға беру, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй, ЖАО облигацияларын шығару арқылы кредиттік тұрғын үй, коммерциялық тұрғын үй және жеке тұрғын үйлер бар. Биыл несиелік үйлер көптеп салынады», - деді Архимед Мұхамбетов.

Аймақ әкімі тиісті басқармалар мен аудан-қала басшыларына мемлекеттік бағдарламаларды сапалы орындауды тапсырды.


Соңғы жаңалықтар