+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

«Нұрлы жер»: Қостанай облысында 118 жас дәрігерге пәтер берілді

2019 жылғы 22 қараша 14:50
Бөлісіңіз:
«Нұрлы жер»: Қостанай облысында 118 жас дәрігерге пәтер берілді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында жас дәрігерлерге мемлекеттік бағдарлама аясында пәтер кілті тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған жаңа пәтерлер Заречный кентінде орналасқан. Баспаналы болған дәрігерлердің дені Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларында білім алып, биыл ғана өңірге жолдамамен келген жас мамандар. Оларды құттықай келген Архимед Мұхамбетов облыстағы медицина саласын қолдауға бағытталған шаралар жөнінде айтып өтті.

«Алда мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күні. Айтулы дата қарсаңында облысымызда көптеген маңызды іс-шаралар өтіп жатыр. Жаңа әлеуметтік нысандар пайдалануға беріліп, кәсіпорындар ашылып, тұрғын үй кілттері тапсырылуда. Маған белгілі мәлімет бойынша, облыстың денсаулық сақтау саласында жалпы саны 15 мың адам қызмет етеді. Оның 1900-і жоғары білімді дәрігер, 6200-і арнайы орта білімі бар медицина қызметкері, сондай-ақ 400 жедел жәрдем қызметкері бар. Өңірдің денсаулық сақтау саласы қомақты көтермеақы және жайлы баспана бөлу арқылы білікті кадрлармен толығып жатыр. Биылдың өзінде ғана өңірге 255 дәрігер келді. Оның 86-сы ауылдық мекендерге барып орнықты. Облысымызға келген әрбір маман назардан тыс қалып жатқан жоқ. Оларға жыл сайын әлеуметтік қолдау көрсетіліп отыр. Шағын қалаларға баратын дәрігерлерге жақсы жағдай жасауға ірі кен кәсіпорындарымен келісімге келу арқылы 100 млн теңге қарастырылған. Дәрігерлерді қолдау шаралары алдағы жылы да жалғасатын болады», - деді Архимед Мұхамбетов.


Бүгінгі салтанатты рәсімде 20 медицина саласының жас қызметкері облыс әкімінің қолынан пәтер кілтін алды. Жалпы, сырттан келген 118 дәрігер баспанамен қамтамасыз етілді. Ал шалғай ауылдарға барған 90 дәрігерге облыс бюджетінен 135 млн теңге көтерме ақы бөлінді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT