Нұрлы жер: Көкшетауда 65 отбасы жаңа пәтердің кілтін алды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – ҚР Конституциясы күні қарсаңында Көкшетауда бір топ ақмолалыққа «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жаңа пәтердің кілті тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға қатысқан аймақ басшысы Ермек Маржықпаев тұрғындарды Конституция күнімен құттықтай келе, жаңа пәтердің кілтін табыс етті.

Баспаналы болғандардың басым көпшілігі - ұзақ уақыт пәтер кезегінде тұрғандар. Аймақ басшысы өз сөзінде мемлекет саясатының басты бағыты - әр қазақстандық отбасын баспанамен қамту екенін атап өтті.

Соңғы жылдары облыста 3 миллионнан астам шаршы метр баспана берілген.

«Осы мақсатта елімізде тиісті бағдарламалар бар. Бұған біздің облысымыз белсенді қатысуда. Биыл облыста 570 мың шаршы метр, оның ішінде Көкшетау қаласының өзінде 240 мың шаршы метр баспана беру жоспарланған», - деді Ермек Маржықпаев.


Бұл жолы баспаналы болған 65 отбасының 25-і жаңа пәтердің кілтін салтанатты жағдайда әкімнің қолынан алды.

Сонымен бірге, аймақ басшысы медициналық мекемелерге қызметтік су жаңа автокөліктердің кілтін табыс етті.

Еске сала кетейік , осыған дейін Конституция күні қарсаңында Бұланды ауданының орталығы - Макинск қаласында жаңадан салынған 45 және 60 пәтерлі екі үйден жаңа пәтерлердің кілті тапсырылған болатын.


Соңғы жаңалықтар