Нұрлан Нығматулин православ христиандарын Рождество мейрамымен құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрлан Нығматулин православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады.

Мерекелік құттықтауын Twitter парақшасында жариялады.

«Қазақстандағы православ христиандарын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл жарқын да мейірімді мейрам әрбір үйге, әрбір отбасына амандық, бақыт, тыныштық әкелсін!» деп жазды Н. Нығматулин.

Мәжіліс Төрағасының пікірінше, бұл мереке қазақстандықтарды ізгілікке, бірлік пен ынтымаққа шақырады.

Нұрлан Нығматулин осы жолда Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әрқашанда ұлтаралық татулықты, халықтар бірлігі мен дінаралық байланыстарды нығайтуға баса назар аударғанын айта келе, елімізге тұрақтылық, барша қазақстандықтарға зор денсаулық тіледі.


Соңғы жаңалықтар