+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Нұрлан Нығматулин мен Рустам Эмомали парламенаралық ынтымақтастық мәселесін талқылады

2021 жылғы 24 қыркүйек 11:00
Бөлісіңіз:
Нұрлан Нығматулин мен Рустам Эмомали парламенаралық ынтымақтастық мәселесін талқылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанға ресми сапармен келген Тәжікстан Оли Мажлисі Милли Мажлисінің Төрағасы Рустам Эмомалимен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Сенат төрағасы: Қазақстандықтардың 86 пайызы қазақ тілін біледі Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты қандай шектеулер болады Қазақстанда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілеттігі кеңейтіледі

Жүздесу барысында екі ел Парламент өкілдерінің өзара іс-қимылының перспективалық бағыттары талқыланды. Тәжікстан еліміздің Орталық Азиядағы маңызды серіктесі әрі сенімді одақтасы екенін айтқан Мәжіліс Төрағасы Қазақстан басшылығының екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин қос елдің стратегиялық серіктестік деңгейіне Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон орнатқан ынтымақтастықтың қол жеткізген нәтижесіне екеніне назар аударды. Мәжіліс Спикерінің айтуынша, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылдағы Душанбеге ресми сапары өзара іс-қимылдың дамуына серпін берді. Өз кезегінде, Тәжікстан Оли Мажлисі Милли Мажлисінің Төрағасы Рустам Эмомали екіжақты ынтымақтастық деңгейіне жоғары баға берді:
- Біз бауырлас Қазақстанмен қарым-қатынастың бүгінгі деңгейін бағалаймыз. Достас екі мемлекет басшыларының сенімді диалогы біздің елдеріміздің өзара табысты іс-қимылының қарқынды дамуына және құқықтық базаны жетілдіруге ықпал етеді, - деді Рустам Эмомали.

Тараптар Қазақстан-тәжік қарым-қатынастарының маңызды құрамдас бөлігі ретінде парламентаралық диалогты жандандыруды қолдады. Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин бүгінде мемлекеттер алдында тұрған барлық мәселелерді шешу үшін күш-жігерді жұмылдырудың маңыздылығын атап өтті. Мәжіліс спикері Палата депутаттарының заң шығару қызметі туралы айтып, Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды заңнамалық қолдау жөніндегі жұмыстарға тоқталды. Кездесу барысында Ауған мәселелері тұрғысынан өңірлік және халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше мән берілді. Сонымен қатар, Ауғанстандағы берік бейбітшілікті қалпына келтірудің және гуманитарлық дағдарысқа жол бермеудің маңыздылығы туралы айтылды.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT