Нұрлан Нығматулин: Мәжіліс сот жүйесін жаңғырту жөніндегі заңнамалық жұмысты жалғастырады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин палатаның жалпы отырысында мақұлданған сот жүйелері мен судьялардың мәртебесіне қатысты заң жобаларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Аталған заң жобалары сот жүйесін жаңғыртудың жалғасы. Жақында ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сот жұмысының ашық, әділ және заман талабына сай болуына ерекше назар аударды. Сондықтан, бүгінгі құжаттарда осы талаптарды заң жағынан қамтамасыз етуге арналған маңызды нормалар қамтылды. Енді осы нормалар сот саласына білікті, кәсіби, тәжірибелі, жаңа мамандарды тартуға, сот процесіне жоғары технологиялық мүмкіндіктерді енгізуге жол ашатын болады», - деді Мәжіліс төрағасы.
Осы орайда Н. Нығматулин Мәжіліс сот жүйесіндегі реформаларды заң жағынан қамтамасыз ету жұмыстарын одан әрі жалғастыратынын атап өтті.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заң жобасы , сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
- Аузына картоп тығындаған: Досын өлтірген павлодарлыққа үкім шықты
- Қазақстанда нотариаттық құжаттарға QR-код не үшін беріледі
- Алматыда жалған доллар жасағандар сотталды
- Қатардағы университеттер оқытушы жалақысын ұлттық деңгейге көтеруге міндеттеледі
-
Асқар Мамин Тараз қаласында кәріздік тазарту ғимаратын салу жобасына қатысты пікір білдірді
-
ТМД елдерінің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға қатысты конвенциясы ратификацияланды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам