+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Нұрлан Нығматулин: Мәжіліс сайлау заңнамасына енгізілетін түзетулерді қарайды

2021 жылғы 30 сәуір 13:01
Бөлісіңіз:
Нұрлан Нығматулин: Мәжіліс сайлау заңнамасына енгізілетін түзетулерді қарайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Шетелдіктердің еңбегін заңсыз пайдаланған 500 жұмыс беруші жауапқа тартылды ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкім шықты ШҚО-да 300-ден астам шетелдік әкімшілік жауапқа тартылды

Бюро отырысында депутаттар қарауына «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы ұсынылды.

Құжат 2021-2025 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының нақтылануына байланысты әзірленіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына, Мемлекет Басшысының Жолдауына және коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруға бағытталған.

Сонымен қатар, күн тәртібінің жобасында «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарау ұсынылды.


Палатаның алдағы жалпы отырысында заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерін жасау және қолдану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алу көзделген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT