Нұрлан Нығматулин: Құрбан айттың басты құндылықтарының бірі –жақсылық жасау

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

«Барша қазақстандықтарды мұсылман қауымының ең бір қасиетті де ұлық мерекесі – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мейрам бірлігімізді нығайтып, халқымыздың татулығын арттырып, елдігімізді күшейтеді.

Осы қасиетті мерекеде жасаған қайырымды істеріңіз бен ниеттеріңіз қабыл болсын!

Құрбан айттың басты құндылықтары – ол адамдардың бір-біріне жанашырлықпен қарауы, қамқорлық танытып және жақсылық жасауы. Осындай ізгі де мейірімді амалдар бүгінгідей күрделі кезеңде әрбір адамға өте қажет» – деді, Нұрлан Нығматулин.

Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, амандық және әрбір отбасына бақ-береке тiледі.


Соңғы жаңалықтар