Нұрлан Нығматулин: Қазақстандық жүргізушілер жүргізуші куәлігін көрсетуге міндетті болмайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулинніңтөрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтіп, бірқатар заң жобалары мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, депуттардың бастамасымен әзірленген жол жүрісі мәселелеріне қатысты заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, заң жобасында жүргізуші куәлігі және көлік құралын тіркеу туралы құжатты жүргізушінің өзімен бірге алып жүруге міндеттейтін нормаларды алып тастау көзделді.

Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, қазіргі ақпараттық технологиялар кеңінен дамыған цирфлық кезеңде жүргізушілерден тиісті құжаттарды талап ету, ол – қажетсіз.

Себебі, полиция жүргізуші мен оның көлік құралы туралы барлық қажетті ақпаратты жеке куәлік негізінде электрондық мәліметтер қорынан таба алады.

Айта кету керек, түзетулер шетелдік жүргізушілер мен шетелдік көлік құралдарына қолданылмайды.


Соңғы жаңалықтар