Нұрлан Нығматулин Қатардан келген әріптесімен ынтымақтастық жайын талқылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің 4-кеңесі қарсаңында Қатар Консультативиік кеңесінің төрағасы Ахмад бен Абдалла бен Заид Аль Махмуд бастаған делегациямен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Н. Нығматулин мәртебелі мейманға ризашылық білдіре келіп, бұл форум Еуропа мен Азия мемлекеттерінің парламенттері арасында жан-жақты диалог орнатуға, өзара сенімді күшейтуге, парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге жол ашатынына сенім білдірді.

Тараптар екіжақты қатынасты нығайтуда парламентаралық әріптестіктің маңызына көңіл бөлді. Елдеріміз Парламенттерінде жұмыс істейтін достық топтар және бейінді комитеттер арасында заң шығару бойынша жан-жақты тәжірибе алмасуға келісті.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан 2050-ші жылға дейін ең дамыған 30 елдің қатарына кіру бағытында, ал аталған ел «Қатар вижин 2030» стратегиясын жүзеге асыру жолында белсенді жұмыс атқарып келеді.

Ахмад бен Абдалла бен Заид Аль Махмуд мырза арнайы шақыру үшін алғысын жеткізді.



Соңғы жаңалықтар