Нұрлан Нығматулин Германия елшісін қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Палата төрағасы Нұрлан Нығматулин Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Тило Йоханнес Клиннермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту төңірегінде ортақ ойларымен бөлісті.

Әсіресе, парламентаралық өзара іс-қимылды нығайтуға көңіл бөлінді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Германияны Еуропалық Одақ шеңберіндегі Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптесі ретінде қарап, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты дамытуға зор көңіл бөлгенін алға тартқан Мәжіліс Спикері Қазақстанның қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға сапары екіжақты байланысты одан әрі тереңдетуге зор ықпал еткенін атап өтті.

Алдағы жылы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толады.

Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, осы уақыттар ішінде қос мемлекет арасында сенімді саяси диалог орнап, қажетті құқықтық база қалыптасып, сауда-экономикалық әрі мәдени-гуманитарлық ықпалдастық қарқынды дамыды.

Н. Нығматулин Қазақстан екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі екенін айта келіп, осы жолда заңнамалық органдар арасындағы ынтымақтастықтың маңызына тоқталды.

Осы орайда екі елдің парламенттік делегацияларының жиі іс-сапарлар мен кездесулер ұйымдастыруы парламентаралық диалогты нығайта отырып, Қазақстан мен Германия арасындағы сенім мен әріптестікті дамытуға бағытталған нақты қадам деуге болады.

Өз кезегінде Т. Клиннер Қазақстан Германияның оңтайлы сауда-экономикалық әріптестерінің бірі екенін және екі ел басшыларының кездесуі елдер арасындағы ықпалдастықты жаңа деңгейге шығаруға серпін бергенін айтты.

Кездесу барысында Мәжіліс төрағасы бейінді комитеттер мен парламентаралық топтар шеңберінде іс-сапарлар арқылы заңнамалық тәжірибе алмасуды одан әрі ынталандыру қажеттілігіне тоқталды.


Соңғы жаңалықтар