+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Нұрлан Ноғаев Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытының жұмысымен танысты

2020 жылғы 27 қазан 10:01
Бөлісіңіз:
Нұрлан Ноғаев Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытының жұмысымен танысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев және Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ның мұнай өңдеу зауытына барды, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Қосшыдағы жарық проблемасы: Nur Otan аудан әкімдігіне мәселені 25 қарашаға дейін реттеуге кеңес берді Қазақстанда электр энергетикасында маневрлік қуаттар салу ынталандырылмақ

1985 жылы салынған Шымкент мұнай өңдеу зауыты республикамыздағы ең жаңа зауыт болып табылады. Зауыт Қазақстанның үш МӨЗ-дері өндіретін мұнай өнімдерінің жалпы ағымдағы көлемінің 30%-ын өндіреді. Шымкент МӨЗ-інің жобалық қуаты жылына 6,0 млн тоннаны құрайды.

Сапар барысында Нұрлан Ноғаев және Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов екі кезеңге бөлінген жаңғырту жобасының аяқталу қорытындысымен танысты, оның шеңберінде 11 технологиялық қондырғы мен 29 жалпы зауыттық шаруашылық объектісі салынды және пайдалануға берілді. Изомерлеу қондырғысын іске қосу бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін жоғары октанды бензиннің өндірісі 100%-ды құрады, ал Кеден Одағы Техникалық регламентінің талаптарына сәйкес моторлы отынның сапасы К4 және К5 экологиялық классқа жетті (Евро-4 және Евро-5 аналогтары). Жаңғыртудың екінші кезеңі шеңберінде кәсіпорынның жарағы «RFCC» каталитикалық крекинг қондырғылары, «Prime G+» бензинді гидротазалау, «Merox» шекті және шекті емес газдарды тазалау, сутегі және басқа да тазалау кешенімен толықты. Осының арқасында зауыттың қуаттылығы жылына 6 млн. тоннаға, ал мұнай өңдеу тереңдігі 85%-ға артты.


Жаңадан салынған технологиялық қондырғыларды тиімді басқару мақсатында зауытта жаңа мамандықтар енгізілді. Бұл мамандықтарға ШМӨЗ қызметкерлерін Қазақстанның және шетелдегі ұқсас кәсіпорындарында оқытты. 445 жаңа жұмыс орны ашылды. Құрылысқа барлығы 4800 адам жұмылдырылды.

Жаңғырту жобасы зауытты өндірістік күрделі жаңа деңгейге шығарды, бұл ШМӨЗ-ді тек барлық стандарттарға ғана емес, сондай-ақ жаңа сапа менеджмент халықаралық жүйесіне сай қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті кәсіпорынға айналдырды.

Сонымен қатар, Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев және Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мұнай өңдеу зауытының қызметкерлерімен кездесті. Сапар соңында Нұрлан Ноғаев межеленген жоспарларды орындау және барлық мұнай өңдеу зауыттарының тиімділігін одан әрі арттыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

2020 жылғы 9 айда Қазақстанда мұнай өңдеудің жалпы көлемі 11,5 млн. тоннаны құрады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT