Нұрлан Ноғаев ОПЕК+ елдерімен мұнай бағасын тұрақтандыру шараларын талқылады

None
None
ВЕНА. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев бастаған қазақстандық делегация Австрияда өткен ОПЕК+ бірлескен министрлік мониторинг комитетінің 18-отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, онда әлемдік мұнай нарығын тұрақтандыру жөнінде тиісті ұсыныстар қаралды. Сонымен қатар қазақстандық делегация ОПЕК-ке мүше елдер мен мүше емес мемлекеттердің сегізінші министрлік кездесуіне қатысты. Мәжіліске қатысушылар әлемдік мұнай нарығын тұрақтандыруға бағытталған бірлескен шараларды талқылады. Отырыс қорытындысы бойынша келісімге қатысушылар өзара тиімді әріптестік бойынша кеңес беруді ары қарай да жалғастыру жөнінде шешім қабылдады.

«Сонымен қатар сапар барысында Н.Ноғаев Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Р.Гроссимен кездесті. Тараптар ҚР мен АЭХА арасындағы серіктестіктің маңызды мәселелерін талқылады, оның ішінде АЭХА-ның төмен байытылған уран Банкін пайдалану мәселесі де бар», - деп атап өтеді министрліктен.

Еске сала кетсек, қазіргі ОПЕК+ келісімі бойынша ОПЕК+ елдерінде биылғы бірінші тоқсанның соңына дейін мұнай өндірудің жалпы көлемін тәулігіне 1,7 млн баррельге азайту ұйғарылған. Бұл ретте 2018 жылдың желтоқсан айында қабылданған қолданыстағы келісім аясында Қазақстанның мұнай өндіру бойынша міндеттемесі тәулігіне 1,843 млн баррель болып отыр.

Айта кету керек, осы келісімнің (2019 жыл қаңтар – 2020 жыл қаңтар) 13 айының қорытындысына сәйкес, Қазақстан өзіне жүктелген міндеттемені орындады.


Соңғы жаңалықтар