Нұрлан Ноғаев Маңғыстауда теңіз суын тұщыландыру технологиясымен танысты

None
None
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-да болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр өнеркәсіптік тұтынушыларға электр және жылу энергиясын өндіруге және дистиллят дайындауға арналған 10 турбиналық агрегат пен 13 қазандық орнатылған 2-ші Жылу электр орталығының (2-ЖЭО) жұмысымен танысты.

Іссапар барысындағы Нұрлан Ноғаев дистиллят өндіру зауытында болып, онда теңіз суын тұщыландыру технологиясы және кешеннің тиімділігін арттыру жоспарларымен танысты.

Министрге 1999 жылдан бастап бөлшектеу және көму алдында 50 жыл бойы консервациялау және ұстау режимінде тұрған БН-350 жылдам нейтронды өнеркәсіптік реакторын пайдаланудан шығару жөніндегі жұмыс туралы баяндалды. Ақтау қаласында сұйық металл жылу тасымалдағышы бар БН-350 жылдам нейтронды өнеркәсіптік реакторы 1972 жылғы 29 қарашада физикалық іске қосылып, бір жылдан кейін Маңғыстау энергия жүйесіне қосылған болатын. БН-350 реакторлық қондырғысы ширек ғасыр жұмыс істеді.

Сапар қорытындысы бойынша Нұрлан Ноғаев жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.


Соңғы жаңалықтар