Нұрлан Ноғаев: Қазақстан энергия ресурстарының жаңа нарықтарына қол жеткізуге мүдделі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев бейнеконференция форматындағы Халықаралық Энергетикалық Хартияның (ХЭХ) министрлік конференциясының 31-отырысында баяндама жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Энергетикалық Хартия Конференциясының министрлік сессиясы дәстүрлі түрде Хартияға мүше елдер үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың жоғары лауазымды өкілдерінің және энергетикалық компаниялар басшыларының инновациялар рөлі мен тұрақты энергетикалық технологияларды дамыту туралы саяси диалогқа қатысуы үшін платформа ретінде қызмет етеді.

ХЭХ энергия ресурстарының транзитін экспорттайтын, тұтынатын және жүзеге асыратын елдердің үкіметаралық диалогын ілгерілету жөніндегі халықаралық энергетикалық ұйым болып табылады.

ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев өз сөзінде жаһандық энергетикалық күн тәртібінің ең өзекті мәселелерін, сондай-ақ транзит, инвестицияларды қорғау және энергия тиімділігі сияқты ел үшін маңызды бағыттарды қоса алғанда, Энергетикалық Хартияға Шартты жаңғырту процесінің маңыздылығын атап өтті.

- Қазақстан дауларды шешу аспектілеріне, сондай-ақ инвестициялық ережелерге қатысты Шарттың ережелерін жаңартуға мүдделі. Біз транзит мәселелерін талқылау кезінде мынадай негіз қалаушы қағидаттардың ескерілуіне терең қызығушылық білдіреміз:

Жаңа нарықтарға, сондай-ақ транзиттік елдердің инфрақұрылымына кедергісіз қол жеткізу;

Энергия ресурстарының транзитін жүзеге асыру үшін бірыңғай құқықтық өріс құру; Тәуекелдердің туындауын және даулардың салдарын төмендету; Энергия ресурстары нарығындағы сұраныс пен ұсыныс теңгерімін сақтау; Экономикалық мүдделер теңгерімін сақтау, - деді Нұрлан Ноғаев.


Соңғы жаңалықтар