Нұрлан Ноғаев: Қазақстан әлем таныған мемлекетке айналды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Егемен Қазақстанның негізін салудың және нығайтудың тарихи миссиясы Елбасына тиесілі. Қазақстан Тәуелсіздігінің негізін қалаушы, еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жан-жақты сараланған сыртқы саясатының арқасында еліміз дамудың өркендеу жолынан өтіп келеді. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері ұлан-ғайыр. Еуропалық қауіпсіздік және ынтамақтастық ұйымына төреағалық етуіміз, Шанхай ынтамақтастық ұйымының отырыстары, EXPO - 2017 көрмесін өткізуміз және т.б беделді бас қосулар. Әрине, Тәуелсіз еліміздің символына халқымыздың мақтанышына айналған Астана. Ең бастысы экономикамыз тұрақты дамып, халықтың әл-ауқаты артып келеді. Бірегей жобалар негізінде халық қолдаған Елбасының тың идеялары, батыл қадамдарын айта кеткен жөн. Бүгінде Қазақстан өзіндік келбетімен әлемдік қауымдастықта ерекшеленетін ел. Тұңғыш Президент Қазақстанды әлем таныған мемлекетке айналдырды. Елімізді дамытуға бірлесе үлес қосайық»,- дейді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

 Шара барысында Тұңғыш Президент күніне, сондай-ақ Астананың 20 жылдығына орай Атырау облысының саяси-әлеуметтік, мәдени дамуына еңбегі сіңген қызметкерлер «Құрмет» медалімен марапатталды.

Салтанатты шара қазақстандық эстрада жұлдыздары мен жергілікті өнер иелерінің концерттік бағдарламасына ұласты.    

Соңғы жаңалықтар