Нұрлан Ноғаев: Еңбек даулары заң шеңберінде конструктивті диалог арқылы шешілуі тиіс

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев аппараттық жиын өткізді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы еңбек даулары заң шеңберінде конструктивті диалог арқылы шешілуі тиіс екенін айтты.

Облыс әкімдігіне қарасты құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің басшылары жиналған кеңесте Нұрлан Ноғаев жиналғандардың назарын Президент Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды мүлтіксіз орындау қажеттігіне аударды.

Атап айтқанда, облыс әкімі қыс мезгіліне жем-шөп қорын дайындау, жылыту маусымына дайындықты, сондай-ақ халықты ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды іске асыруға бақылауды күшейту керектігін атап өтті.

Сондай-ақ басқосуда өңірдегі эпидемиологиялық жағдай талқыланды.

Нұрлан Ноғаев осы бағыттардың барлығын Маңғыстау облысының кешенді даму жоспарына енгізуді тапсырды.

Халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін қалыптастыратын негізгі факторлардың бірі - «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында көрсетілген шараларды жүзеге асыру болып табылады», - деп атап өтті облыс әкімі.

Мемлекеттік қызметшілер өңір тұрғындары үшін барынша ашық болуға тиіс.

Жақын арада әкімдік пен тұрғындар арасында өзара байланысын күшейтуге арналған бірқатар шаралар қабылданады.

Сондай-ақ, Нұрлан Ноғаев еңбек даулары мәселесін қозғады.

«Жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы барлық еңбек даулары заң аясында конструктивті диалог арқылы шешілуі тиіс»- деді әкім.

Аппараттық жиын қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берілді.


Соңғы жаңалықтар