Нұрлан Ермекбаев ҚР Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың қызметтен босату жөніндегі рапортын қарастырып, оның өтінішін қабылдағанын жазған едік.



Соңғы жаңалықтар