Нұрбах Рүстемов: Аймақтық ынтымақтастық – ортақ табыс кепілі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Румыниядағы төтенше және өкілетті елшісі Нұрбах Рүстемовтің Egemen Qazaqstan газетінде жарияланған мақаласын назарларыңызға ұсынамыз.

Қазақстан Республикасының 2020-2030 жылдарға арналған жаңа сыртқы саяси тұжырымдамасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Орталық Азия аймағында көпжақты диалог пен ынтымақтастықты қамтамасыз етудің маңызын ерекше атап өтті.

Тұтастай алғанда, жаңартылған Тұжырым­дама Қазақстан Республи­касының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көпвекторлы, теңдестірілген сыртқы саясатын жалғастыруды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл оның Орталық Азиядағы аймақаралық қатынастардың сипатын айқындайтын саясаты болды. Ал жақын көршілермен достық және өзара тиімді қарым-қатынасты қамтамасыз етуге деген ұмтылыс біз бүгін куә болып отырған сындарлы аймақтық диалогқа негіз болып отыр.

Қазақстан Республикасының Пре­зи­­денті Қасым-Жомарт Кемел­ұлы Тоқаев тек Орталық Азия ай­мағын­да ғана емес, сонымен бірге бүкіл пост­кеңестік кеңістік­тегі тәжіри­белі және беделді халықара­лық қайраткерлердің бірі. Оның стратегия­лық көзқарасы мен дипломатиялық ерекше тәжіри­бесі Қазақстанның сырт­қы саяси қыз­меті­нің қағидаттары мен тәсілдері, мақ­саттары, басымдықтары мен мін­деттері туралы түбегейлі көз­қарастар жүйесі ретінде жаңа сыртқы саясат тұжырымдамасында көрініс тапқан.

Осы орайда ерекше назар аударатын мәселе, сыртқы саясат страте­гиясының басты мақсаттарының бірі – негізгі позицияларды нығайту және Қазақстанның Орталық Азиядағы ұзақ мерзімді мүдделерін ілгерілету. Бұл саяси бағыттар мен әлемдік тенденция­ларды нақты түсінудің айқын көрінісі, нағыз көшбасшылар мен көреген стратегтерге ғана тән.

Әлбетте, Еуразияның орталығында негізгі геостратегиялық позицияны алатын Қазақстан, негізінен, Орталық Азиядағы аймақаралық қатынас­тардың сипатын айқындайды. Бұл сөзсіз экономикалық тиімді басқаруға, ішкі саяси тұрақтылыққа, жалпыға бірдей мойындалған халықаралық беделге, сондай-ақ әлемдегі ең ірі ел­дермен тұ­рақ­ты және жүйелі қаты­настарға тіке­лей байланысты.

Сонымен бірге Кеңес Одағы ыды­рағаннан кейінгі бірнеше жыл ішінде ішкі жанжалдар мен қайшылықтар көбінесе аймақтық процестердің маңыздылығын әлсіретті, дәлірегі, Орталық Азия аймағының жалпы дамуына, оның инвестициялық тартым­дылығына, көші-қон ағын­дарының өсуіне және басқа да факторларға кері әсерін тигізді. Мұның бәрі Орталық Азия елдері басшыларының назарын, ең алдымен, ішкі мәселелерді шешуге аударды.

Алайда, соңғы жылдары Орталық Азиядағы жағдай өзгере бастады: бүгінде аймақішілік мәселелердің едәуір бөлігі іс жүзінде шешілді, ал қал­ған, яғни аймақтың жекелеген ел­дері арасындағы қақтығыстар толы­ғы­­­­­мен шешілген сияқты. Мұндай оң үр­­діс­­­­тер, сөзсіз, аймақтық диалог атмос­­­­фе­­расын және Орталық Азия елдері ара­с­ын­дағы ынтымақтастықты жақсар­ту­дың нәтижесі болып табылады.

Сонымен қатар жекелеген респуб­ликалардың, атап айтқанда Өзбек­станның сыртқы экономикалық бел­сенділігі Орталық Азия аймағының танылу деңгейінің өсуіне объективті ық­пал етті. Ташкент әлеммен сыртқы бай­ланыс­тардың тереңдеуіне байланысты инвестициялар ағынын едәуір арттырып, сыртқы сауданы күшейтті. Осылайша, Өзбекстанның мысалы ұзақ мерзімді перспективада мемлекеттің жабық немесе тіпті оқшаулайтын сыртқы саяси моделі тиімді бола алмайтындығын көрсетеді. Ел бірнеше жылдың ішінде белсенді сауда-экономикалық саясат жүргізе бастағаннан кейін бірден нақты нәти­желерге қол жеткізді. Бір қызығы, Таш­кент, сонымен бірге Орталық Азия елдерін сыртқы саясаттың ба­сым­­дығы ретінде белгілеген.

Қазіргі таңда Орталық Азия елдері сыртқы ойыншылардың қолдауы және модерациясынсыз өз бетінше диалог алаңын ұйымдастырып, аймақішілік мәселелерді шеше алатындығы бел­гілі болды.

Қазақстанның барлық қажетті тәжірибесі, беделі, инфрақұрылымы және өзіндік ұстанымы бар. Біздің елордамыз бірнеше рет көптеген ел үшін түрлі мәселелер бойынша диалог алаңы ретінде әрекет етті: соғыс қимылдарын реттеуден бастап бейбітшілік келісімдері мен жаһандық бастамаларға дейін.

Осыған орай, Орталық Азияның басқа елдерінің аймақаралық диалогты дамытуда Қазақстанды қолдауға ұмтылуы өте дер кезінде жасалған қадам болып көрінеді, сонымен қатар біздің аймақ үшін көптеген мүм­кіндік пен перспективалар ашады.

Әлемдік экономикада аймақ­тан­дырудың маңызды тенденция­сы мен сауда ағындарын әртарап­тан­дыруды қамтамасыз ету қажетті­лігі жағдайында аймақтық ынтымақ­тастықты нығайту Орталық Азия елдері үшін қисынды қадам бола алады. Оның ішінде қар­жылық ынты­мақтастық, инвестициялар тарту, туризмді дамыту және т.б маңызды.

Қазіргі таңда Қазақстанда қажетті жағдайлар мен тиімді құралдар бар: Нұр-Сұлтан қаласында болашақта бүкіл Орталық Еуразияның қаржылық хабы болатын «Астана» халықара­лық қаржы орталығы ашылды. Астана экономикалық форумы, Еуразиялық медиа форум, «Астана» клубының сарапшылық кездесулері және тағы басқалар сияқты сұхбат алаңдары бұрынн­ан өздерін беделді алаң екенін дәлел­деген. Біздің халықаралық серік­тестеріміз, оның ішінде Орта­лық Азия республикаларының өкілдері көптеген жыл бойы осы платформаларға бел­сенді қатысып келеді. Мұндай ауқым­ды жобалар мен бастамалар тек Қазақ­станның ғана емес, бүкіл аймақтың әлемге танылуына ықпал етеді.

Біздің еліміздің алдында халық­аралық аренада өзінің сәтті қадамын дәлелдей отырып, Орталық Азия ел­дерінің қатысуымен жүйелі бесжақты форматты қамтамасыз ету мақсатында көрші мемлекеттердің қолдауымен аймақтық диалогты орнату міндеті тұр.

Қазақстанның бай тәжірибесін, орта және ұзақ мерзімді стратегия­ларын, сондай-ақ елдің жоғары бас­шы­лығының саяси ерік-жігері мен қолдауын ескере отырып, бұл мақ­сатқа қол жеткізу әбден мүмкін. Мем­лекет бас­шысы қабылдаған жаңа Тұжы­рым­дама, өз кезегінде, Қазақ­стан­ның сындарлы және сонымен бірге праг­ма­тикалық сыртқы саясатының мызғы­мастығының кепілі.

Нұрбах РҮСТЕМОВ,

Қазақстанның Румыниядағы төтенше және өкілетті елшісі



Соңғы жаңалықтар