Нұра өзені 250 метр ау мен 4 тонна қоқыстан тазартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұра өзені 250 метр аудан және 4 тонна қоқыстан тазарды. Бұл жайында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін бүкіл ел аумағында «Аулардан таза - су айдындары» акциясы өтіп жатыр. Қазақстан бойынша 79 су айдынын тазалауға мыңдаған адам қатысты. Акцияның елордалық қатысушылар Нұра өзенінде 250 метр заңсыз құрылған синтетикалық ауды жинап алып, 4 тонна қоқыс шығарды», - деп жазды ол.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен қолға алынған акцияның мақсаты – су айдындарды тастап кеткен және заңсыз қойылған аулардан тазалау. Шараға облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция мамандары, жергілікті мемлекеттік органдар, балық шаруашылығы субъектілері, орман шаруашылықтары, экологиялық ұйымдар, белсенділер мен еріктілер қатысуда.


Соңғы жаңалықтар