Нұр-Сұлтанның қай ауданында емхана салу қажет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қаланың қай ауданында емхана салу қажеттігі барын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарманың мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында 1 миллион 182 мың адам емханаға тіркелген.

«Учаскелердің саны - 716. Қаладағы әр дәрігерге 1700 адамнан айналады. Қалада мемлекеттік емханалардың саны - 15. Ал жеке емханалардың саны - 19. Жеке емханалар да тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында қызмет көрсетеді», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Ведомствоның мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында тағы да емхана салу қажеттігі Интернациональный тұрғын кешенінде туындап отыр.

Еске сала кетсек, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов бұған дейін 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында ел тұрғындары өздері қалаған емханаға тіркеле алатынын жариялаған болатын.


Соңғы жаңалықтар