Нұр-Сұлтанға ұшып келген тағы 150 адам карантин стационарына жеткізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына өткен тәулікте 789 адам ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен тәулікте Нұр-Сұлтанға 7 ұшақ келіп қонды. Әуе рейстерін Air Astana, Turkish Airlines және Flydubai әуе компаниялары орындады. Экипажды қосқанда жалпы 789 жолаушы ұшып келді. Олардың ішінде 150 адамда ПТР-тест анықтамасы болған жоқ. Осы себепті олар карантин стационарына жеткізілді. Егер аталған адамдарда коронавирус анықталмаса - үйіне қайтады, анықталса - инфекциялық стационарға жатқызылады», - деп хабарлайды Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы.

Айта кетейік, күн сайын елордаға шетелден ұшып келген 100-ден аса жолаушы карантин стационарына жатқызылуда. Күні кеше астанаға 569 адам ұшып келіп, ПТР-тест анықтамасы болмағандықтан оның ішінде 118-і карантинге жатқызылған еді.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы мемлекеттік органдармен бірге коронавирус инфекциясының алдын алу үшін нақты шаралар кешенін жүзеге асыруда:

● Жолаушылар міндетті түрде термометриядан өтуі керек. Ол үшін тепловизорлық смарт-камералар қолданылады.

● Жолаушылар терминалында тәулік бойы санитарлық-карантиндік бекет бригадалары кезекшілікте жүреді.

● Ішкі және халықаралық рейстерде ұшу және қону аумағытарында жолаушыларға арналған санитайзерлер орнатылған.

● Жолаушыларды тіркеу, сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының аумағында 1,5 мтерлік әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету тәртібі еденде нақты сызбамен көрсетілген.

● Әуежайдың ішкі аумағын арнайы дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, санитарлық өңдеу жиілігі артты. Вирусқа қарсы белсенділікке ие антисептик қолданылады.

● Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына келетін әуе кемелерінің бәрі де дезинфекциялық өңдеуден өтеді. Сонымен қатар тұрақты түрде жолаушыларға қызмет көрсететін техникада дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

● Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу бойынша әуежай қызметкерлерімен нұсқаулық жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар