Нұр-Сұлтандағы орыс драма театры жаңа ғимаратқа көшті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы орыс драма театры уақытша басқа ғимаратқа көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған өнер ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры жаңа жылдан бастап Омаров көшесі, 47 б мекенжайындағы музыкалық жас көрермен театры ғимаратына көшкенін хабарлайды.

Яғни, театр ұжымы өз ғимаратындағы жөндеу жұмыстары аяқталғанша осы жерде болады.

Сондай-ақ, елордада төтенше жағдай режимі аяқталған соң театр есігінің көрермен үшін қайта ашылатындығы хабарланды (төтенше жағдай режимі 19 қаңтарға дейін сақталады).

«Біздің қойылымдарға билет сатып алғанда және театрға келерде мұқият болуларыңызды сұраймыз», - делінген хабарламада.



Фото: sn.kz

Соңғы жаңалықтар