Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 10 адам террорлық акт туралы жалған хабар берген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда полицейлері жарылғыш құралдар туралы көрінеу жалған ақпараттарға ерекше назар аударады, себебі осы қылмыс түрі адамдардың үрейін тудырып, мемлекеттік құрылымдардың көптеген күші мен құралдары жұмсалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес, террорлық әрекет туралы көрінеу жалған ақпарат таратқан адамға бес мың айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Әдетте мұндай қылмысты алкогольдік ішімдік ішкен ересек адамдар немесе кәмелетке толмаған бұзақы балалар жасайды. Бірақ кей кезде «телефон террористері» кей мекеменің жұмысын тоқтату мақсатында саналы түрде осындай әрекетке барады. Ойланбай істелген әрекет үшін қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін екенін ескертеміз.

Астанадағы Полиция департаменті жыл басталғалы террорлық әрекет туралы көрінеу жалған ақпарат таратудың 10 оқиғасын тіркеді. Мұндай қылмысты жасаған адамдар қамауға алынып, бірнеше жылға бас бостандығынан айырылды және келтірген шығынды өтеуі тиіс.


Соңғы жаңалықтар