Нұр-Сұлтанда жеңіл көлік мотоциклмен соқтығысып, 1 адам мерт болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда жеңіл көлік мотоциклмен соқтығысып, 1 адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтем жасап.

Баспасөз қызметінің деректеріне қарағанда, 17 қазан күні сағат 16:54 шамасында «Daewoo Nexıa» көлігінің жүргізушісі Абылай хан даңғылымен кетіп бара жатып, Жансүгіров көшесімен қиылысатын тұста мотоциклмен соқтығысқан. Соның салдарынан мотоциклдің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды.

Осы оқиға бойына сотқа дейінгі тексеру басталды.

Полиция департаменті жүргізушілерге жолда өте сақ болып жол ережесін қатаң сақтау керектігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар