Нұр-Сұлтанда жасөспірім қызды таңғы жүгіру кезінде тонап кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Таңертең ер адам кәмелетке толмаған бойжеткенді тонап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 шілде күні сағат таңғы 05:30-да станционарлық бекеттегі патруль полиция полкінің қызметкеріне 17 жастағы бойжеткен шағымданған.

Ол таңғы жүгіру кезінде белгісіз ер адамның тап беріп, «IPhone 8+» телефоны мен сөмкесін ала жөнелгенін айтқан.

Күдіктінің белгілері анықталды. Полиция жасақтары ауданның жықпыл-жықпылын тексеріп шықты.

Қылмыскер қонақүй автотұрағында ұсталды, қашпақ болған. Ол 42 жастағы Ақмола облысының тұрғыны болып шықты.

Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ҚР ҚК «Тонау» бабы бойынша тергеу жүргізілуде.

Ұсталған ер адамның астана аумағындағы осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.



Соңғы жаңалықтар