Нұр-Сұлтанда вакциналау қарқыны төмендеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда вакциналау қарқыны бір айда 46%-ға төмендеген. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы айда Нұр-Сұлтанда вакциналау қарқыны төмендеді. Мамыр айында вакциналау саны сәуір айымен салыстырғанда 46%-ға төмен. Алайда, біз халықтың вакцинаға деген сұранысы мен тілегін көріп отырмыз. Жаппай вакциналау халық үшін тек санитарлық талаптарға сәйкес келетін егу кабинеттерінде жүргізілетінін атап өткім келеді», - деді Сархат Бейсенова елорда әкімдігінің брифингінде.

Әкімдіктің мәліметінше, тұрғындарға вакциналаудың қолжетімді болуы үшін қалалық емханалармен бірге қосымша 9 егу пункті ашылған.

Атап айтқанда, сол жағалауда «Mega Silk Way», «Хан-Шатыр», «Керуен», «Азия Парк», «Сарыарқа» СОО және «Әбу-Даби Плаза» кешенінде ашылған. Оң жағалауда «Әлем» және «Еуразия-3» сауда үйлерінің аумағында, «Мечта» сауда орталығында егу пункттері ұйымдастырылды, онда барлық санитарлық нормалар сақталған.

Айта кетейік, 9 маусымдағы жағдай бойынша елорда халқының 9,4%-ы немесе 111 683 адам екі компонентті толық алды. Бірінші компонентпен 169 632 адам немесе 14,3% қамтылған.


Соңғы жаңалықтар