Нұр-Сұлтанда вакцина алғандар жаңа автокөлік ұтысына қатысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімдігі мен MEGA Silk Way сауда орталығы «Вакцина ал - машина ұтып ал» акциясын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

23 маусым мен 31 тамыз аралығында «MEGA Silk Way» сауда және ойын-сауық орталығында COVID-19 вакцинасының бірінші компонентін алатын қазақстандықтар Hyundai Accent автокөлігі ұтысына қатыса алады.

Финалдық ұтыс ойыны 5 қыркүйекте Instagram-дағы «MEGA Silk Way» ресми аккаунтының тікелей эфирінде өтеді. Сонымен қатар, апта сайын 23 маусымнан 31 тамызға дейін аралық сыйлықтар – тұрмыстық техника, сауда сертификаттары және тағы басқалар ойнатылады.

«Бұл акцияның мақсаты – Қазақстанда вакциналау қарқынын ынталандыру, өйткені вакцина - COVID-19-дан жалғыз тиімді қорғаныс. Мұндай акциялар әр түрлі елдерде сәтті өтіп жатыр, жақында вакцина алғандар арасында Польша, Таиланд, АҚШ, Ресей, Моңғолия, Сербия, Индонезия, Қытай, Венгрия, Израиль және т. б. үкіметтері автокөлік ұтыс ойындарын өткізе бастады», - деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі.

«Вакцина ал — машина ұтып ал» акциясы туралы толық ақпаратты mega.kz сайтынан және MEGA-ның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан алуға болады.

Бұдан басқа, «Азия Парк», «Mega Silk Way», «Сарыарқа», «Әбу-Даби Плаза», «Керуен», «Еуразия» сауда орталықтарында тұрмыстық және компьютерлік техника түріндегі бағалы сыйлықтар ойнатылады және жеңілдік купондары беріледі. Сондай-ақ, бұл акцияға «Мечта» электроника және тұрмыстық техника дүкендерінің сауда желісі қосылады.


Соңғы жаңалықтар