Нұр-Сұлтанда үлескерлер мәселесі биыл-келер жылы шешіледі – министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов құрылысы аяқталмаған нысандар туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласында аяқталмаған 42 нысан бар, шамамен 13 мыңдай үлескер бар. 2017 жылы Үкімет қорынан 40 млрд теңге бөлінген. Биыл тағы 38,5 млрд теңге бөлініп отыр. Ал енді 42 нысанның 10 нысанын сол үлескерлер өз ақшасына және инвестор қаражатына бітіріп жатыр. Қалған 32 нысанға осы бөлінген ақша әкімшілік арқылы беріледі. Бұл мәселе биыл-келесі жылы бітеді деп ойлаймын. Себебі Үкімет өз жағынан көмектің бәрін көрсетті», - деп түсіндірді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есеп беру брифингінде.

Бұған дейін министр Қазақстанда халықаралық рейстердің кезең-кезеңімен ашылатынын айтып, рұқсат берілген алғашқы мемлекеттер тізімін жариялады.


Соңғы жаңалықтар