Нұр-Сұлтанда тұрғындардан қару сатып алу акциясы аяқталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаруды ерікті түрде тапсырған азаматтарға қарудың техникалық жағдайына байланысты әр данасына оннан жүзге дейін айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай қаражат төлеу қарастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Елорданың полиция департаменті мен аумақтық бөлімшелерінде 14 күн бойы тұрғындардан заңсыз сақталған қару, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды сатып алу акциясы өткізілді.

Екі аптаның ішінде азаматтар 25 қаруды өз бетімен тапсырған, соның ішінде үш данасы - иір ойықты мылтық, 20 тегіс оқпанды мылтық, сондай-ақ травматикалық қарудың үш данасы бар.

Осылайша Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің Байқоңыр аудандық полиция басқармасына елорда тұрғыны келіп, қайтыс болған әкесінің «ТОЗ-БМ» маркалы тегіс оқпанды мылтығын өз еркімен тапсырған.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті тіркелмеген қару, оқ-дәрі және жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсырған тұлғалардың қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын еске салып отыр.


Соңғы жаңалықтар