+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда тұрғын үйдің ауласында екі адамды пышақтап кетті

2020 жылғы 26 қаңтар 14:45
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда тұрғын үйдің ауласында екі адамды пышақтап кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада тұрғын үйлердің бірінің ауласында екі адамды пышақтаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада вокзал маңында жас жігітті пышақтап кеткен бұзақы ұсталды Маңғыстауда жаппай төбелесте 2 жігіт пышақталған Алматы облысында ауылдасын пышақтаған күдікті ұсталды

Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтанда болған жаппай төбелестің видеосы тарады.

Анықталғандай, оқиға 23 қаңтар күні кешкі сағат жеті шамасында болған. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 5 адамды ұстады. Олар бір топ достарымен тұрғын үйдің ауласында жанжал шығарған. Конфликтке қатысушылардың бірі сол үйде тұрған.

«Жанжалдың соңы жаппай төбелеске ұласқан. Оның барысында ұсталғандардың бірі екінші тараптағы екі адамға пышақ сұғып алған. Осыдан кейін төбелесті шығарғандар екі көлікке отырып, іздерін суытқан. Полицейлер бірнеше сағаттың ішінде олардың тұлғаларын анықтап, қолға түсірді. Пышақ салған күдікті Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің уақытша ұстау оқшаулағышына жеткізілді. Тергеу жүргізілуде», - делінген ақпаратта.





Фото: polisia.kz


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT