Нұр-Сұлтанда судың өшірілетіні туралы жалған ақпарат тарап жатыр – елорда әкімдігі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімдігі 6 сәуірден бастап қалада судың өшірілуі туралы тараған қауесетке қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елордада 2020 жылғы 6 сәуірден бастап судың өшірілетіні туралы мессенджерлерде тарап жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды! Қала тұрғындарын тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз. Жалған ақпаратты таратушы қатаң түрде жауапқа тартылады», - делінген елорда әкімдігінің Instagram -парақшасында.


Соңғы жаңалықтар