Нұр-Сұлтанда шетелдік нөмірі бар көлік иесі адам қағып, қашып кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда шетелдік нөмірі бар автокөлік иесі әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«12 қараша күні шамамен таңғы 9-да менің әйелім Катяны сұр түсті Lada 15-моделі Кенесары мен Иманбаева көшелерінің қиылысында қағып кетті. Оқиға автобус жолағында жаяу жүргіншілер жолында болған. Төрт машина жаяу жүргіншілерге жол берген, ал әлгі көлік 100 км/сағ жылдамдықпен келген және оқиға орнынан қашып кеткен», - деді зардап шегушінің күйеуі Владимир Гашевский.

Оқиға туралы В. Гашевский әлеуметтік желіге жазды.

Оның айтуынша, оқиғадан әйелдің мұрны сынып, маңдайы қанталап, тізе буынына зақым келген. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты. Соққан көліктің нөмірі ресейлік болған.

Сонымен бірге, Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті жол-көлік оқиғасын растады және автокөлік жүргізушісінің анықталғанын жеткізді.

«Кенесары мен Ш. Иманбаева көшелерінің қиылысында болған жол-көлік оқиғасы бойынша жүргізушінің анықталғанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта оны ұстау жұмыстары жүріп жатыр», - деп жауап берді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар