Нұр-Сұлтанда өртенген көліктен екі бала құтқарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 17 мамыр күні елордадағы аулалардың бірінде автокөлік өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

«17 мамыр күні сағат 11:50-де Нұр-Сұлтанның Ы. Дүкенұлы көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде ауладағы Nissan-Terrano жеңіл көлігінің қозғалтқыш бөлігі өртенген», - деп хабарлады комитет.

Көлік салонында 2014 және 2015 жылы туған екі бала болған. Оларды кездейсоқ куәгер өрт сөндірушілер келгенше құтқарып үлгерді.

Өрт сағат 12:02-де сөндірілді және ешкім зардап шеккен жоқ. Алдын ала болжамға сәйкес, көліктің қозғалтқыш бөлігінде қысқа тұйықталу болған.

Өртті сөндіруге қалалық ТЖ департаментінің 12 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылған.


Соңғы жаңалықтар