Нұр-Сұлтанда Мейкатон ТОМ жобалар марафоны өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған прототиптер мен гаджеттерді ойлап табу» атты мейкатон марафоны өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, 13-16 қараша күндері өтетін шарада жас өнертапқыштар ерекше күтімді талап ететін жандардың өмірін жеңілдетуге арналған технологиялық туындыларын таныстырады. Соның ішінен үздік дегені таңдалып, идея жүзеге асырылатын болады.

«Мейкатон жобасы тек мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесіп қоймай, өз идеяларын жүзеге асырамын деушілер үшін таптырмас алаң. Қалалық әкімдіктің қолдауымен өткен аталған шараға 7 команда қатысса, биыл оның саны 10-ға жетіп отыр. Тағы бір айта кететін сәт, өткен жылғы 7 жобаның 2-і нақты қолдау тауып, жүзеге асырылды. Бұл адам өмірін жеңілдету мен жетілдіру жолындағы таптырмас жоба деуге болады. Осы шара арқылы жастар өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік алумен қатар, өзара тәжірибе алмасады. Сондықтан да біздің орталық осы секілді пайдалы жобаларды қолдауға әрқашанда дайын», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі «Астана жастары» ресурстық орталығы басшысының орынбасары Аян Ерментаев шараның ұйымдастырылуына орай өткен онлайн баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, Мейкатон (Makeathon) ТОМ 72 сағаттық тың жобалар мен идеялар марафоны.


Соңғы жаңалықтар