Нұр-Сұлтанда мас күйде көлік айдаған әйел жүргізуші куәлігінен айырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түн ішінде «102» нөміріне қала тіршілігіне бей-жай қарамайтын азаматтар хабарласып, мас күйдегі қыз түнгі бардан шығып, «Тойота» маркалы автокөліктің рөліне отырғанын айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

34 жастағы автокөлік жүргізушісін полицейлер Уәлиханов-Иманов көшелерінің қиылысында ұстады. Әйелдің әрекеті ақылға қонымсыз еді, ол полиция қызметкерлерін көріп, дауыстап жылай бастаған. Бірақ автокөлік тізгіндеген әйелдің әрекеті полицейлердің аяушылық сезімін оята алмады. Олар медициналық куәландырудан өтуді ұсынған.

Медициналық куәландыруға сәйкес, жүргізуші көлікті жеңіл дәрежедегі мас күйде айдаған.

Авьожүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды, автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды. Әкімшілік соттың шешімімен, әйел 15 тәулікке қамауға алынды және 7 жылға көлік айдау құқынан айырылды.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті автокөлік жүргізушілерінен көлікті ішімдікке және есірткіге мас күйде айдамауды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар