Нұр-Сұлтанда «Make it possible» республикалық спартакиадасы жалауын көтерді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Nazarbayev University атлетикалық орталығында республикалық «Make it possible» спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мүмкіндігі шектеулі және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жасөспірімдер арасында өтіп жатқан спартакиада елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылуда.
Шараның салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт вице- министрі Елдос Рамазанов, қоғам қайраткерлері, спорт саңлақтары, еліміздің белгілі өнер жұлдыздары қатысты.
Сондай-ақ, Республикалық Ұлттық Киокушинкай-кан каратэ федерациясының президенті Омархан Өксікбаев пен еліміздің даңқты спортшылары Зульфия Габидуллина, Александр Колядиндер балаларға министрлік атынан арнайы сыйлықтар табыстады.
Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан еліміздің түкпір-түкпірінен келген балаларға алғысын білдіріп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Make it possible» спартакиадасы Актив Life ашық бірлестігінің төрағасы Арнұр Ысқақовтың идеясымен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Ұлттық паралимпиада комитетінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр.
Жарысқа Қазақстанның он екі өңірінен 250-ге жуық бала қатысуда. Олар спорттың бес түрі; шағын футбол, армрестлинг, тоғызықұмалақ, асық ату, үстел теннисінен бақ сынайды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медаль, диплом және естелік сыйлықтармен марапатталады.
- Театр өнері жөніндегі көркемдік кеңестің республикалық отырысы өтті
- Бірқатар өңірде автожолдар жабылды
- Пәтер кезегінен шығарылған жалғызбасты ана елордалық басқарманы сотқа берді
- Елімізде 6 желтоқсанда өтетін маңызды шараларға шолу
-
Елорданың әрбір бесінші тұрғыны баспана алуды жоспарлауда
-
Елордадағы «Ramada Plaza» қонақ үйі Қаржы министрлігіне берілетін болды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам