14:34, 16 Қазан 2019 | GMT +6
Нұр-Сұлтанда куәліксіз такси жүргізгендер ұсталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астанада 10 қазаннан бері «Автобус» жедел шарасы аясында полицейлер жүзден астам ереже бұзу деректерін анықтады. Оның ішінде такси жүргізушілер де бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Такси жүргізушілер ереже бұзған 50-ден астам дерек анықталды. Олардың кейбірі қажетті құжаттары болмаса да, көлік жүргізген, кейбіреулері Жолаушыларды және жүкті тасымалдау ережелерін бұзған, енді біреулерінің жүргізуші куәлігі болмай шықты.
Өткен тәуліктерде 7 таксист әкімшілік жауапқа тартылды, куәліксіз такси жүргізген 2 адамның көлігі айып алаңына жіберілді.
Республика көлеміндегі «Автобус» жедел-профилактикалық шарасы 17 қазан күні аяқталады.