+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Нұр-Сұлтанда коронавирустан 61 адам қайтыс болды

2020 жылғы 7 шілде 15:17
Бөлісіңіз:
Нұр-Сұлтанда коронавирустан 61 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордадағы Covid-19 жағдайы туралы есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда бір тәулікте 123 адам коронавирустан жазылып шықты Өткен тәулікте 67 адамнан коронавирус анықталды Құлсарыда коронавирустан жазылған соңғы екі пациент үйіне оралды

«Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны 5 984-ке жетті. Олардың 54 пайызы немесе 3 248 адам жазылып шықты. Өкінішке қарай, 61 адам қайтыс болды», - деді қала әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта инфекциялық және провизорлық стационарлар саны көбейтіліп жатыр.

«Президент тапсырмасына сәйкес, стационарлардағы орындар ұлғайтылды. Мысалы, КВИ карантині басталған уақытта тек қана үш стационар болып, мыңға жуық орын болса, қазіргі уақытта біз стационарлар санын 13-ке көбейттік немесе 3 700-ден астам орын бар. Бірақ оның 87 пайызы толған. Онда дәрігерлер азаматтарды емдеп жатыр», - деді Алтай Көлгінов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT