Нұр-Сұлтанда коронавируспен ауырғандардың негізгі үлесі 30-39 жаста

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың жас мөлшерін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұрынғыдай қала тұрғындары арасында ауырғандардың 24,7 пайызын, яғни негізгі үлес 30-39 жастағы адамдар құрайды, 50 жас және одан жоғары – 23,4 пайыз, 18-29 жас аралығындарғы жастарға – 18,4 пайыз, 40-44 жастағы адамдарға – 14,9 пайыз келеді. Балалар жалпы сырқаттанушылық арасында 15,9 пайызды құрайды», - деді спикер Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұйымдастырған онлайн-брифингте.

Қадағалау, байқау кезеңдерінде симптомдары бар науқастар үлесінің шамалы өсуі байқалды. Қаңтар айында 65 пайыз болса, ақпан айында – 67 пайызға өсті. Жас құрылымы бойынша егде жастағы, 50 және одан жоғары адамдарда қаңтарда 26 пайыз болса, ақпанда 28,7 пайызға дейін өскен.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда ақпан айының басынан бері 2192 жағдай тіркелген.


Соңғы жаңалықтар